Қызметтік ит адам өлтірген 27 жастағы қылмыскерді тапты
Қызметтік ит адам өлтірген 27 жастағы қылмыскерді тапты
124
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында 58 жастағы ер адамды өлтірген қылмыскерді қызметтік ит анықтады. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Аққайың ауданында 58 жастағы ер адамды өз пәтерінде пышақтап кеткен күдіктіні  аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Бірақ  27 жастағы жастағы жігіт тұрғылықты жерінде болмай шықты. Күдіктіні анықтау үшін Есіл ауданынан кинолог шақыртылып, ол қызметтік итімен бірден ізге түсті. Қазір қылмыстық іс сотқа берілді. Қылмысты ашуға көмектескен Амур атты неміс овчаркасына 3,5 жыл ғана. Есіл аудандық полиция бөлімінің кинолог-инспекторы, полицияның аға лейтенанты Виктор Рейбандт бұл итпен екі жылдан бері жұмыс істеп жүр. Оның көмегімен 18 қылмыс ашылды. Көбіне ұрлыққа қатысты.
«Амур тәжірибелі иттердің санатында. Із кесуге үйретілген ол қылмыскерді де өзі тоқтата алады. Бірақ бұл жолы елдімекен көшесінде адам көп болғандықтан, тәртіп сақшылары күдіктіні өздері ұстады. Аса ауыр қылмысты «ізін суытпай» ашуға көмектескені үшін алты жылдық еңбек өтілі бар Виктор Рейбандт марапатталды», – дейді СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаев.