ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған түлектерге сыйлық беріледі
ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған түлектерге сыйлық беріледі
130
оқылды
2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең көп балл жинаған түлектерге сыйлық беріледі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында хабаорлады. 
«Достар, ҰБТ 2020 қорытындысы бойынша 140 балл жинаған балаларға ноутбук сыйға береміз деп уәде еткеніміз есіңізде болар! Өкінішке қарай, біз ондай нәтижеге жете алмадық, бірақ лайықты балаларға осындай пайдалы сыйлықты тарту рахатын жіберіп алғымыз келмеді», - деп жазды Дидар Смағұлов.
Оның айтуынша, ҰТО ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен 139 және 138 балл жинаған 5 балаға ноутбук сыйға беріледі.