Жиында журналистер карантин талаптарын қадағалайтын мониторинг тобының өкілдері неліктен кафе-мейрамханалардан бөлек «барахолкада» (Алматыдағы Солтүстік айналма жолы бойында орналасқан киім-кешек сататын ең үлкен базар – ред.) тексеру жүргізбейтінін сұрады.
«Базарлар тексерілмейді емес, тексеріледі. Осыдан бір жарым ай бұрын бір жерде жақын орналасқан базарларға 1 млн теңге айыппұл салынды. Алайда эпидемиологиялық талдауларға сенсек, инфекцияның 37% жабық аумақта таралады. Түнгі клубтарда адамдар 5-6 сағат жабық ғимаратта жақын отырады. Ал базарға барсақ, сатушының алдында ұзақ тұрмаймыз. Керек затымызды аламыз да, кетеміз», – деп жауап берді Жандарбек Бекшин.
Айта кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус өршіп тұрғанын айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды.