Тоқаев Қазақстанға пайдасынан зияны көп заңға өзгеріс енгізді
Тоқаев Қазақстанға пайдасынан зияны көп заңға өзгеріс енгізді
224
оқылды

Бұр туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» делінген ресми хабарламада.

Заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресейдің шенеуніктері Қазақстанның кәсіпкерлеріне тұсау салып отырғанын айтқан болатын.