Сенат республикалық бюджет жобасын талқылайды
Сенат республикалық бюджет жобасын талқылайды
270
оқылды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата бюросының оты­рысында депутаттар алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін талқылады және Мәжілістен келіп түскен заң жобаларын комитеттерге бөліп берді.

Сенаттың қарауына төрт заң жобасы келіп түсті. Олар: «Қазақстан Республикасының Ұлттық қо­рынан 2020-2022 жылдарға арналған кепіл­ден­дірілген транс­ферт туралы» Қазақстан Респуб­ли­касының Заңына өзгеріс енгізу туралы», «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңына өзге­рістер мен толық­тырулар енгізу туралы», «Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепіл­ден­­дірілген трансферт туралы» және «2021-2023 жыл­­дарға арналған рес­публикалық бюд­жет туралы» заң жобалары. Отырыс барысында бұл заң жобалары жұ­­мыс үшін Қаржы және бюджет ко­митетіне берілді. Сенаттың кезекті жалпы отырысы 29 қазанда өтеді. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасын қарайды. Сондай-ақ палата отырысында Мәжіліс мақұлдаған «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралады. Сонымен қатар бюрода сенаторлар осы аптада өткізілетін басқа да іс-шараларға тоқталып өтті. Оның ішінде Учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін арттыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту мәселесі туралы, сон­дай-ақ Қарағанды облысының өңірлік азаматтық қорғаныс жүйесі мәселелері туралы Комитет оты­рыстарына дайындық барысы пысықталды. Өткен аптада ұйымдастырылған ауылдық ау­мақтарды дамыту мәселесіне арналған Парламенттік тыңдаудың нәтижесі бойынша ұсынымдар қабыл­­­данған еді. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев сол ұсынымдарды Үкіметке жолдап, олардың іске асы­рылуын назарда ұстауды тапсырды.