«Nur Otan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов және партияның қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшесі Ардақ Өтегенов энергиямен жабдықтау мәселелері бойынша Жаңақоныс-3, Жаңақоныс-4 тұрғын үй алабына барды. Рейд барысында ТКШ өкілі, энергетика және инженерлік желілер құрылысы секторының меңгерушісі Марат Ізбастенов энергиямен жабдықтау объектілері құрылысының жай-күйі туралы айтып берді.
Оның мәліметінше, жобаны аяқтау негізінен 2020 жылдың желтоқсан айына белгіленген. Бүгінгі таңда жоба Жаңақоныс-3 тұрғын үй алабында 95 пайызға, ал Жаңақоныс-4 тұрғын үй алабында 90 пайызға дайын. Жұмысшылар жұмысты аяқтаған соң сынақ жұмыстары жүргізілмек. Сынақ жұмыстары аяқталып, жұмысқа жарамдылығы расталғаннан кейін энергиямен жабдықтау желісі іске қосылады. Қазір мұнда жаңа үлгідегі 7 трансформатор және 2 таратушы орнатылған. Барлық қажетті қосалқы бөлшектер жаңа, сапа және сәйкестік сертификаты бар. Жобаға сәйкес тұрғын үй алабы бойынша көше жарығы да қарастырылған. Оның жұмысы Жаңақоныс-3 тұрғындарын да қызықтырады. Қазіргі уақытта Жаңақоныс-3 тұрғын алабында жарығы мен жылуы жоқ кішкентай балалары бар 5 отбасы тұрады. Бұл мәселе Ақтөбе қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының қатаң бақылауына алынған. ТКШ өкілінің ақпараты бойынша, газ өткізу мәселесі қала әкімшілігінде қаралып жатыр. Қазіргі кезде Жаңақоныс-4 тұрғын үй алабына жылу беру жобасы мен сметасы бекітілген. Ал Жаңақоныс-3 тұрғын үй алабына газ беру мәселесі қарастырылуда.Әбілмансұр ЖАСАН