58 жастағы петропавлдық 4-қалалық ауруханаға граната әкеліп, дәрігерлерді қорқытқан.
Оқиға орнына полицейлер шұғыл жеткен.
«102 нөміріне хабар сағат 9-дан 10 минут кеткенде түсті. Оқиға орнына барлық мамандар жөнелтілді. № 4 қалалық емхана ғимаратынан барлық медициналық қызметкерлер мен дәрігердің қабылдауына келген 100-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды», – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.
Мамандардың айтуынша, Ф-1 гранатасында тұтандырғышы болмаған, яғни жарылмайды.
Ер адам ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, біз бұған дейін емханадағы түйткілді мәселер жайын "Емханадан ғарыш жақын" деп жазған болатынбыз.