Алматыдағы көлік кептелесі қалай шешіледі?
Алматыдағы көлік кептелесі қалай шешіледі?
315
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда перспективалы көлік түрлерін дамыту қажеттігі туралы айтты. Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлайды.

«Соңғы жылдары көлік инфрақұрылымын дамыту үшін көп жұмыстар істелді. Алайда, бірқатар күрделі мәселелер бар. Күн сайын 700 мыңға жуық автокөлік қала көшелерімен жүреді. Миллионнан астам адам тасымалданады. Күнде қалаға 200 мыңнан астам автокөлік Қаскелең, Қапшағай, Талғар және Құлжа тас жолы арқылы кіреді. Бұл Алматының кіре берісінде, әсіресе таңғы уақытта кептеліс тудырады. Бұл проблема жолдарды қайта құру және кеңейту арқылы ғана емес, сонымен қатар перспективалы көлікті дамыту арқылы шешілуі тиіс. Мәселен, метро желілері санының арттыру қажет. Сондай-ақ, қалаға жақын аудандарды байланыстыратын қоғамдық көлікті дамыту керек», - деді Президент Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте. Мемлекет басшысы, жаңа заманауии көлік big data смарт-ақылды технологиялар негізінде құрылуы керек екенін атап өтті.
«Қоғамдық көлік жолаушыларына ыңғайлы болу үшін аялдамаларға ақпарат тақталарын орнату керек, сонымен қатар смартфондарға тағы да қосымшалар әзірлеу керек», - деді Тоқаев.