Су бар жерде – өмір бар
Су бар жерде – өмір бар
286
оқылды

Онда «Трансшекаралық өзендерден суар­малы кезеңдегі қажетті сумен қамта­масыз ету барысындағы қалыптасып отыр­ған жағдай туралы» мәселе қаралды. Жиынға «Аграрлық сектор» бағыты бойын­ша комиссияның кураторы, об­лыс­тық мәслихаттың депутаты Махамбет Дүйсембаев төрағалық етіп, Жамбыл об­лысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Кулкеев хабарлама жасады.

Баяндамашының айтуынша, Жамбыл об­лысының жер үсті су ресурстары Шу, Та­лас және Аса өзендерінің бассейндерін­де шоғырланған. Алғашқы екі өзен то­лығымен Қырғыз Республикасының ау­ма­ғынан түседі, ал Аса өзеніне қосылатын Күркіреусу өзені де Қырғыз Республика­сы­ның аумағынан, яғни облыстың жер үсті су ресурстарының 80 пайызы көрші мем­лекеттің трансшекаралық өзен­дері­нен түседі екен. Қырғыз Республикасы Шу және Талас өзендері бойындағы бір­лесіп пайдалану су шаруашылығы ны­сан­дарынан Қазақстанға екі ел арасындағы Ке­лісім бойынша су бөлу кестесіне сәй­кес берілетін су көлемін жыл сайын кемі­тіп, жеткізбей беретін көрінеді. Бүгінгі күні осы мәселені шешу өзекті болып тұр. Де­генмен аймақта істен шыққан су шаруа­шылығы нысандары жөнделсе, ауыл шаруашылығы мақсатындағы суар­малы жерлерді толық ағын сумен қам­ту­дың мүмкіндігі бар.
– Қазақстан Республикасының агроө­нер­кәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағ­дарламасы аясында 49,0 млн текше метрді құрайтын, мемлекеттік жер ак­ті­лері алынған, техникалық-экономикалық не­гіздемелері дайын, жобалық-сметалық құ­жаттары әзірленіп жатқан үш жаңа су қой­маларын салу жоспарланған. Олар, Қор­дай ауданындағы Ырғайты өзенінде «Ырғайты» су қоймасы (19,0 млн м3,) жә­не Қалғұтты өзенінде «Қалғұтты» су қой­­масы (15,0 млн м3), Байзақ ауданын­да­ғы Талас өзенінде «Ақмола» су қоймасы (15,0 млн м3). Жалпы құны 6 млрд теңге бо­латын 3 жаңа су қоймалар салынса, пай­даланудағы 34,5 мың гектар суармалы жерді сумен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік болады, – деді Ерлан Кулкеев.
Отырыс соңында жиынға қатысу­шы­лар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оған тиіс­ті комитетке бірқатар ұсыныстарын ұсынды.

Абылайхан ЖҰМАШ