Шығыс Қазақстан облысы аумағында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанады, түнде жел 15-20 м/с артады.
Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.
Тәулік бойы Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Түркістан облысында желдің күші 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Алматы, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.