«Кедергісіз келешек» жұмыспен қамтиды
«Кедергісіз келешек»  жұмыспен қамтиды
5,246
оқылды

«Nur Otan» партияcының Қы­зыл­орда облыстық филиалында «Ке­дергісіз келешек» бағ­дар­ла­масы аясында жиын өтті. Он­да өңір­дегі мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тардың еңбек ұжым­да­рында жұ­мыспен қамтылуының 2,4 пайыз­дық көрсеткішінің сақ­талуы мен оларды жұмыспен қам­ту мә­се­лелері  жан-жақты тал­­­­қыланды.

Жалпы, өңірде 34 мекеме, кәсіпорын­дар­да 79 мүмкіндігі шектеулі  азаматтарды жұ­мыспен қамтуға Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің қаулысымен квота бел­гіленген. Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігінен келген ті­зім­ге сәйкес, облыс бойынша 595 меке­ме­нің тізімі нақтыланып, жұмыс істейтін мүгедектігі бар азаматтар анықталуда. Қызылорда облысы Жұмыспен қамту жә­не әлеуметтік бағдарламалар басқар­ма­сы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаеваның айтуынша, бүгінде жұ­мыспен қамту органына жұмыс сұрап 814 мүмкіндігі шектеулі азамат хабарласып, бел­гіленген квотаға сәйкес 44,2 пайызы тұрақ­ты жұмысқа орналасқан. Сонымен қ­атар жыл басынан бері 29 рет бос жұмыс оры­ндар жәрмеңкесі өткізіліп, 365 жұ­мыс беру­ші 2 187 бос жұмыс ұсын­ған.  Бар­лық жәрмеңкеге қатысушылардың ара­сында 96 мүмкіндігі шектеулі азаматқа тұрақ­ты жұмысқа орналасуға жолдама беріл­ген. Бүгінде мемлекеттік бағдар­лама­лардың игілігін көріп отырғандары да бар. – Нәтижелі жұмыспен қамту және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мем­ле­кеттік бағдарламасының  екінші бағыты «Бастау – Бизнес» жобасы аясында 55 мүм­кіндігі шектеулі азамат кәсіпкерлік не­гіз­дері бойынша білім алып, олардың 37-сі мемлекеттік грант негізінде мал шаруа­шылығы, шаштараз, жиһаз жасау, ба­лық шаруашылығы, тігін және кон­ди­терлік өнім шығаратын цехтар ашты, – дей­ді  Жанар Дәулетбаева. Жалпы, мүгедектігі бар азаматтардың құ­қықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс са­пасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейін­гі Ұлттық жоспарға сәйкес, өңірде мү­гедектігі бар азаматтардың про­фи­лак­ти­касынан бастап әлеуметтік қызмет көр­сету жүйесін жаңғырту мәселесіне дейін қамтылған  10 бөлімнен тұратын ар­найы «Жол картасы» қабылданған. Өңір­де «Жол картасының» орындалуы, мүм­кіндігі шектеулі азаматтарды жұ­мыс­пен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-ке­зеңімен жүргізілмек.

А.ЖАСАН