Miras қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы
Miras қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы
238
оқылды

«Nur Оtаn» партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы Miras қоғамдық кеңесінің кезекті оты­рысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңес төрағасы, кеңес мүшелері, Jеbe, «Қағандық» қоғамдық бір­лес­тіктері және мемлекеттік ор­ган­дар мен үкіметтік емес ұйым­дар­дың өкілдері қатысты. Күн тәр­­­­тібіне сәй­кес жастар ара­сын­да ұлттық құн­дылықтарды на­си­хаттау мә­се­лесі қаралды.

– Павлодар облысында ұлттық құн­дылықтарды насихаттау мақсатында бір­қатар іc-шара өткізілді. «Рухани кемп» – жастар лагері, онда жастар қа­зақи тұрмысқа еніп, олар үшін ежелгі қа­зақ қолөнерінен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды, сондай-ақ қазақ хал­қының тұрмысы мен дәстүрі зерттелді. 7-17 маусым аралығында жастардың бел­­­сенді өкілдерінің қатысуымен об­лыс­тың және республиканың киелі жер­лері­не – «Рухани тур» экспедициясы ұйым­дас­тырылды, – деді Ақпарат және қо­ғам­дық даму басқармасының бөлім бас­шысы Дәурен Әбдірахманов. Сонымен қатар Дәурен Серікұлы от­ба­сылық құндылықтарды, салт-дәс­түр­лерді дәріптеуге, қолдауға бағыт­тал­ған «Аруназ» қыздар клубының жұмысы жө­нінде баяндады. Аталған клуб жас қыз-келіншектермен бірлесе жұмыс іс­теп, ұлттық құндылықтарды, салт-дәс­түрлерді үйренем, отбасылық қаты­нас­тардың психологиясын танығым келеді деген азаматшалармен ынтымақтастық қарым-қатынаста екенін жеткізді. Сон­дай-ақ ол сөз арасында «Супер ке­лін» атты байқау да ұйымдастырылғанын айт­ты. Онда ұлттық тағамдар мен отба­сы­лық дәстүрлер бойынша 13 келін сайыс­қа түсті. Жалпы, облыс бойынша ұлттық құн­дылықтарды насихаттау мақсатында 3 мыңнан астам жасты қамтитын 30-дан астам шара өткен. Аталған бағытта жұ­мыстар әлі де жалғасып жатыр.

А.ЖАСАН