Нұротандықтар тұрғын үй құрылысын дамытуды талқылады
Нұротандықтар тұрғын үй құрылысын дамытуды талқылады
203
оқылды
«Құтты мекен» арнайы жобасын партия Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы әзірледі. Жоба авторларының ойынша, қатаң партиялық бақылау бюджет қаражатын мақсатына сай пайдалануға мүмкіндік береді, ал халық сапалы жолдарға, коммуникациялар мен тұрғын үйлерге, сондай-ақ басқа да әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне ие болады. Осылайша, жоба Nur Otan партиясына Қазақстандағы қоғамдық бақылаудың бас институты болуға мүмкіндік береді. Қалалық мәслихат депутаттарынан тұратын Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының мониторинг тобы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді талқылады. Мониторинг тобының мүшелері кезекте күту уақыты мен Кезекте тұрғандардың санын қысқарту үшін оларды одан әрі бөлу мақсатында уәкілетті органдардан үйлерді уақтылы қабылдау бойынша жұмысты күшейту қажет деген пікірге келді.
Талдау кезеңінде 9203 пәтер берілді, оның ішінде: – 2017-2021 жылдарға арналған «Нұрлы жер»  тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша-6197 пәтер немесе 67,3;%; – Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша-1459 пәтер немесе 15,8%; – «2011-2014 жылдарға арналған ипотекалық тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы бойынша-618 пәтер немесе 6,6%; – «Алматы жастары» жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша 35 жасқа дейінгі жас азаматтар үшін-238 пәтер немесе 3,1;%; – Аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бюджеттік кредиттеу бағдарламасы бойынша республикалық-258 пәтер немесе 2,7% және қалалық бағдарлама бойынша-284 пәтер немесе 3,0%; – «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша-149 пәтер немесе 1,6%.
Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы «Құтты мекен» жобасының басты мақсатын, атап айтқанда, жергілікті инфрақұрылымды дамытуды, газбен, таза ауыз сумен, электр қуатымен қамтамасыз етуді тұрақты түрде жүзеге асырады. – Бағдарламаның маңызды бағытын құрайтын автожолдарды салу және жөндеу партиялық бақылаудың міндетті мониторингі саласына да кіреді, – деп атап өтті ҚКП инспекторы Ержан Жұмағұлов.