Алдын ала белгілі болған мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі артқа қарай жүрген.
«5 қараша күні сағат 08.00-де Павлодарда ЖШС-ға тиесілі аумақта КамАЗ көлігінің 59 жастағы жүргізушісі жұмыстан тыс уақытта жүк көлігін артқа жүргізу кезінде тереңдігі – 6-7 метр карьерге аударып алған» деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға салдарынан көлік жүргізушісі мен ішіндегі жолаушы мерт болды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу басталды.