Алматыда қоқыс жәшігіне Жириновскийдің есімі берілді
Алматыда қоқыс жәшігіне Жириновскийдің есімі берілді
258
оқылды
Қазақ жастары Алматыдағы қоқыс жәшігіне қазақты мазақ еткен Жириновскийдің есімін берді. zakon.kz хабарлауынша, Владимир Жириновскийдің қазақтарды мазақ етіп, сөзбен түйреп тұратын әдеті бар еді. "Қазақстан деген ел адамзат тарихында болмаған. Қазақтарда не мемлекет, не жер болған емес. Қазақстанның солтүстік облыстарының барлығы дерлік орыстың жері", деген. Кейінірек, Жириновский қазақтың домбырасын "екі ішек, бір таяқ" деп мазақ етті. Тақыр далада ертеден кеш, не тұшымды сөзі жоқ, қазақтың аңыраған әнінен басқаға жарамайтын қу таяқ. "Қазақ тілі деген не өзі? Жазба әдебиеті болмаған ұлтта қайдағы тіл?" деп тілдеді. Қазақ ұлтының намысына тиетін сөздерінен кейін В.Жириновский жақындағы сұхбатында Алматыдағы өзі тұрған Масанчи көшесіне, оқыған мектебіне өз атын бергенін қалайтынын жеткізді.  
Біз қазақтың намысшыл жастары Жириновскийді "нон грата" тұлғасы деп танып, Қазақстанға аяқ бастырмау керектігін талап етеміз. Сайқымазақ саясаткердің арманың орындап өзі тұрған Масанчи 79 мекен-жайында орналасқан қоқыс жәшігіне Владимир Жириновский есімін бердік, дейді "Намыс" Жастар қозғалысының өкілдері.