Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байденді құттықтады.
Президент твиттердегі парақшасында өзінің әріптесін ағылшын тілінде құттықтады. АҚШ-тың 46-президентіне шынайы лебізін жеткізе отырып екі елдің арасындағы байланыстың нығаятынына сенім білдіретінін айтты.Бұған дейін Джозеф Байденді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та құттықтап, жеделхат жолдады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2010 жылы Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті.My sincere congratulations to Mr Joe Biden @JoeBiden on his election as President of the United States of America. Look forward to having productive cooperation between our two countries in the areas of mutual interest.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 7, 2020
Естеріңізге сала кетсек, күні кеше АҚШ-та өткен президент сайлауында демократтар атынан бақ сынаған Джо Байденнің жеңіске жеткені туралы хабарлаған едік. Екі басты үміткер Дональд Трамп пен Джо Байден арасындағы бәсеке өте тартысты өтті, соңғы минуттарға дейін кімнің жеңіске жететінін болжап айту мүмкін болмады.