Елбасы Бижамал Рамазанованың жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бижамал Рамазанованың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Бижамал Рамазанованың өзіне сеніп тапсырылған жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосқанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.
[caption id="attachment_85977" align="alignnone" width="1200"] ©tengrinews.kz[/caption]