Семейде көппәтерлі тұрғын үйлерді құлатпақшы
Семейде көппәтерлі тұрғын үйлерді құлатпақшы
5,223
оқылды

Тұрғын үй инспекциясы оларды бес жыл бұрын апатты деп таныған екен. Алайда ол жерде әлі 480-дей адам тұрып жатыр.

Мамандардың пікірінше, бұл үйлер бұзуға жатады. Олар жөнделуге не қалпына келтірілуге мүлдем келмейді. Ескі ғимараттың өзіне 110 жыл болған. Тіпті, Тұрғын үй инспекциясы оларды бес жыл бұрын апатты деп таныған.

Алайда ол жерде әлі 480-дей адам тұрып жатыр. Өңірде ескі үйлерді бұзатын арнайы бағдарлама жоқ. Бұл мәселені жекеменшік құрылыс мекемелері арқылы шешуге болады. Бірақ оларды тек қала орталығындағы жерлер қызытырады. Сондай жағдайда ғана кәсіпкерлер ескі пәтерлерді сатып алуға дайын.

– Тұрғын үйлерді бұзу – бұл мәселе бойынша қалалық бағдарламалар жоқ, қаржыландырылмайды. Аймақтық қаржыландыру да жоқ. Бүгінгі таңда бұл мәселе бойынша нұсқаулар берілмеді. Тіпті, елдегі апатты жағдайда тұрған үйлерді бұзу жайында бағдарламасы болар-болмау да белгісіз. Әр аймақта құлатуға міндетті үйлер көп. Әйтпесе, сол үйлердің астында адамдар қалатын болады. Сондықтан бұл проблема шешу қажет, – дейді Тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Светлана Заурбекова.