Жолаушылар түсірген видеодан ұшақтағы жолаушылар арасында дүрбелең болғанын көруге болады.
Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі ұшақтың ұшып шыққаннан кейін 14 минут өткен соң 10 қараша сағат 23.17-де аман-есен қонғанын хабарлады.
SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі Атырау – Нұр-Сұлтан бағытында әуеге көтерілген ұшақтың құстармен соқтығысып қалғанын айтты.
Сондықтан ұшақ әуежайға қайта қонған. Ұшақта 115 жолаушы болған.
Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.
https://youtu.be/U8RS_YGjqp4
Видео: www.inform.kz