Сбербанк КАҚ мен оның Қазақстандағы еншілес банкінің туған күніне орай біз өз клиенттерімізге және басқаларға көптеген акция, бонус және арнайы ұсыныс әзірледік.
12 қарашада Сбербанктің құрылғанына 179 жыл және банктің Қазақстан нарығында жұмыс істегеніне 14 жыл толады. Осы мерекеге орай «Сбербанк» АҚ ЕБ «Жасыл күн» акциясын өткізеді. Акция аясында барлық қатысушыларға, тіпті банктің клиенті болып табылмайтын адамдарға да сыйлықтар беріледі.
Сбербанктің бөлшек клиенттері үшін «Жасыл күн» акциясы 11-12 қараша аралығында өтеді.
Бұл күндері олар Сбербанк пен біздің серіктестеріміздің мынадай бірегей ұсыныстарын пайдалануға мүмкіндік алады:
– Visa all Inкарталары бойынша 5% кешбэк;
– Қазақстан Сбербанкі мен Ресей Федерациясының клиенттері арасында «Сбербанк Онлайн» жүйесіндегі телефон нөмірі арқылы ақша аудару үшін комиссия - 0 теңге;
– «Сенімді несие» өнімі бойынша стандарт мөлшерлемеден 1,79% жеңілдік;
– Банк серіктестерінен 5% -дан 50%-ға дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.
Сбербанк Қазақстан өзінің корпоративтік клиенттері үшін «Жасыл күнді» 11-17 қараша аралығында өткізеді.
Осы кезеңде банк заңды тұлғалар үшін мынадай ұсыныстар жасайды:
– жаңа клиенттерге ағымдағы шотты ашу, SberBusiness жүйесіне қосылу, корпоративтік карта ашу - 179 теңге;
– 179 теңгеге Сбер МИР пакеттік ұсынысын қосу (бір айға);
– 1С Fresh бұлтты Бухгалтерия сервисіне 99 000 теңгеге бір жылға жазылу;
– Nurkassa онлайн-кассасының сервисіне жарты жылға тегін жазылу.
Бөлшек және корпоративтік клиенттерге арналған арнайы ұсыныстардың толық тізімімен танысу үшін банктің сайтына кіріңіз.