Желіде тараған видеоға қатысты Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады.
«11 қарашада шамамен сағат 17:00-де Volvo жүк көлігінің 60 жастағы жүргізушісі, Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны «Шымкент-Самара» тасжолында кенеттен көз жұмды.
Куәгерлер бірден жедел жәрдем және Сырдария аудандық полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобын шақырды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм жүрек әлсіздігінен көз жұмған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның туыстары болған жайттан хабардар», – деп хабарлады Полиция департаменті.
https://youtu.be/4PIlAmFHorc