Шығыс Қазақстанда «Nur Otan» партиясының тізіміне алғашқы кандидаттар анықталды. Делегаттар партиялық тізімді бекітті, онда әйелдердің кемінде 30 пайызы және жастардың 20 пайызы ұсынылды.
Аумақтық конференциялар партияның 11 филиалында өтті (Семей, Өскемен, Риддер қалаларында, Абай, Алтай, Аягөз, Бесқарағай, Зайсан, қатонқарағай, Ұлан, Үржар аудандарында). Конференцияларда 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық қалалық және аудандық сайлауалды бағдарламалар бекітіліп, облыстық конференцияға қатысу үшін делегаттар сайланды. Конференцияны өткізу аясында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының партиялық тізіміне праймеризге қатысушы кандидаттар арасында жария дебаттар ұйымдастырылды. Көпшілік пікірсайыстар барысында кандидаттар қаланың, ауданның, жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бағдарламаларды ұсынды. «Праймериз» ақпараттық жүйесінде жасырын, электронды дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың арасында шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар.Әбілмансұр ЖАСАН