Қызылжар сайлауалды бағдарламасын бекітті
Қызылжар сайлауалды бағдарламасын бекітті
254
оқылды

Петропавл қаласының мәс­лихатына «Nur Otan» пар­тия­сының тізімінен әйелд­ер­дің 30 пайызы және жастар­дың 30 пайызы кірді.

«Nur Otan» партиясы Сол­түс­тік Қазақстан облыстық фи­лиа­лы баспасөз қызметінің мә­лі­метінше, партияның Петропавл қа­­лалық филиалы конференция­сы­­ның 94 делегаты партиялық ті­­зімге дауыс берді. Сондай-ақ об­­лыс орталығы бойынша пар­тия­ның сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Петропавл қалалық мәс­ли­хат­тың партиялық тізіміне 27 нұ­р­отан­дық енді. Өкілдердің орташа жасы – 44. Араларында шағын жә­не орта бизнес, білім беру, ден­саулық сақтау, спорт, өнеркәсіп, ква­зимемлекеттік сектор сала­лары­ның өкілдері бар. Тізім 1 орын­ға 2 адам қағидаты бойынша қалыптастырылды. Жалпы, облыс орталығы бойын­­ша праймеризге барлығы 106 адам қатысты. Олар сай­лау­шы­лар­мен 700-ден астам кездесу өт­кізді, нә­тижесінде 60-тан астам ұсыныс жи­налды. Олардың 30-ы Пет­ропавл қаласы бойынша «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасына енгізілді. – Облыс орталығын дамыту­дың 7 басым бағыты болады. Сай­лауалды бағдарламада алдағы 5 жылға арналған негізгі мақсаттар мен міндеттер, сондай-ақ Петро­павлдың негізгі проблемалық мә­селелерін шешу жолдары қам­тылған. Бағдарламаны іске асыру ор­нықты экономикалық дамуға қол жеткізуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүм­кін­дік береді, – деді «Nur Otan» пар­тиясы Петропавл қалалық фи­лиалының төрағасы Болат Жұ­мабеков. Конференция барысында облыстық мәслихаттың партия­лық тізіміне қосылуға 12 үміткер бақ сынасты. Пікірталас бары­сын­да олар тұрғын үйдің қолже­тім­ділігі, жолдарды жөндеу, ха­лықты әлеуметтік қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық деңгейін арттыру мәселесін көтерді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Петро­павл қаласынан 9 адам облыс мәсли­хатына «Nur Otan» партия­сы­ның тізіміне енгізілді. Сонымен қатар аймақтық конференцияға делегаттар сайланды. 10-12 қараша аралығында СҚО-да партияның 14 аумақтық фи­лиалында конференция өтті, онда жергілікті мәслихаттарға пар­тиялық тізімдер анықталды. Бұған дейін 7 және 8 қарашада об­лыс бойынша 246 бастауыш пар­тия ұйымдарында жиналыс өтті. Қалалық және аудандық пі­кірсайыстың жеңімпаздары 17 қарашаға жоспарланған облыстық конференциядағы пікірсайысқа қатысады. Өңірлік конференция­ның қорытындысы бойынша СҚО-дан Парламент Мәжілісі сай­лауына «Nur Otan» партиясы­ның тізіміне енетін праймериз кан­дидаттары анықталады.

Әбілмансұр ЖАСАН