Машинасынан айырылып қалмау үшін 700 мың теңге алиментті көшеде төледі
Машинасынан айырылып қалмау үшін 700 мың теңге алиментті көшеде төледі
239
оқылды
Қостанай тұрғыны бұрынғы жұбайына алимент ретінде 700 мың теңгеден  астам қарыз болған деп хабарлайды Қостанай облысы ЖСО өңірлік палатасының баспасөз орталығы. «Бүгін рейд жүргізу кезінде борышкердің тыйым салынған мүлкі тәркіленді. Алайда «Газель» маркалы көлігінен айырылып қалмау үшін борышкер өз қарызын жол бойында бірден төледі. Қарыз 2018 жылдың қараша айынан бастап жиналып, 1 084 000 теңге болған. Борыштың бір бөлігі бұрын төленген, қалған 777 303 теңге бүгін борышкерден алынады», – дейді Қостанай облысы бойынша ЖСО өңірлік палатасының басшысы Несібелі Бәсенова.