Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 107-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тағайындалған тиісті сараптамалар нәтижесінде, процессуалды шешім қабылданады. Алматыда Яндекс такси қызметін пайдаланған жолаушы жапа шеккен.
Такси жүргізушісі оны діттеген жеріне жеткізуден бас тартқан. Келіспей дауласқан жолушыға такси жүргізушісі күш қолданып, пышақ салған.
Еске сала кетейік, бұған дейін такси қызметіндегілер «көлікте қару болмаған» деп мәлімдеме жасаған еді.