ҚР Парламенті Мәжілісінің қазіргі депутаты Гүлнар Бижанова Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, ғалым-филолог, суырып салма ақын Аманжол Әлтаев, Nur Otan партиясының Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Юлия Бадина, «Nova Цинк» ЖШС Бас директоры Сүйіндік Асан, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басиндер ең көп дауыс жинады.
Конференция шешімімен Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына сайлау үшін партиялық тізім бекітілді. Оған праймеризге қатысушылардың ішінен жоғары рейтингі тұрған 57 адам кірді. Құрамы айтарлықтай жаңартылды, кандидаттардың орташа жасы жасарды.
Партия мүшелері аймақтың сайлауалды бағдарламасын бекітті. Оның негізіне Елбасының Бес институционалдық реформасы, Мемлекет басшысының «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» Жолдауы және Қарағанды облысының даму бағдарламасы кірді. Бағдарлама ашық қол жетімді болды, әр тұрғын онымен танысып, өз ұсыныстарын бере алды.
Конференцияда сондай-ақ Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезіне делегаттар сайланды. Конференция санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды түрде сақтай отырып өтті. Делегаттар әртүрлі залдарда болды, олардың арасында онлайн-байланыс ұйымдастырылды.– Талқылау қорытындысы бойынша 1 553 аманат келіп түсті, олар бағдарламада ескерілді. Жеті басымдық бойынша ТОП-6 мәселе анықталып, оларды шешу жолдары белгіленді, – деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.
Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы.