«Қолжетімді жоғары білім – «Nur Otan» партиясының басты міндеті» атты іс-шара Алматының жетекші университеттерінің өкілдерін жинады.
Партияның Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері Аягүл Миразова және Борис Жапаров мегаполис жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының мазмұнды пікірталасына қатысып, еліміздегі жоғары білім беруді дамытудың мәселелері мен болашағын талқылады. Қазақстанның студенттік астанасы саналатын қалада колледждерді есептемегенде 50-ден астам ЖОО бар, ал қала халқының басым бөлігі – студенттер. Қатысушылар атап өткендей, пандемия әрбір жоғары оқу орны үшін елеулі сын болды. Мұғалім үшін қашықтан жұмыс істеу проблемаларды айқындауға үлкен септігін тигізді. Аталған мәселелерді түсініп, жоғары оқу орындарының қызметі өзгерген жағдайда ұйымдастыру бойынша стратегиялық шараларды талдау және әзірлеу үлкен маңызға ие. Онлайн режимде оқуға көшу жаңа сын болып қана қоймай, студенттер үшін де, оқытушылар құрамы үшін де жаңа мүмкіндіктер ашты. – Біз жүргізген стресс-талдау қашықтан оқытуға көшу білім беру теңсіздігін шиеленістіргенін көрсетті. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенттерінің 10 пайызының қажетті техникалық жабдықтары болмағаны белгілі болды, ал табысы төмен отбасылардан шыққан студенттер арасында бұл үлес 30 пайызға жетті. Жоғары білімге қол жеткізу мониторингінің болмауы басқарушылық шешімдер қабылдау мүмкіндігін және сапалы білім беру саясатын құруды шектейді, – деп атап өтті педагогика ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Такир Балықбаев.А.ЖАСАН