ZOOM платформасы арқылы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық Саяси кеңес мүшелерінің қатысуымен Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов қатысты.
Күн тәртібінде Шымкент қалалық Партиялық бақылау комиссиясының 2020 жылдың 10 айында атқарған жұмысы талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша партиялық бақылау жөніндегі инспектор Б.Ысқақов қысқаша баяндама жасады. Есептік кезеңде «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының 7 отырысы өткізілді. Олардың 3-еуі қазіргі таңдағы пандемияға байланысты онлайн режимде өткен. 8 басқарма басшысының, 2 департаменттің және 1 аудан әкімінің өз саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының есебі тыңдалған. Қазіргі таңда жиын қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға 63 ұсыныс берілген. Есепті кезеңде қалалық Партиялық бақылау комиссиясына 16 арыз-шағым түсіп, барлығына заңда көрсетілген мерзімде жауап берілген. Сонымен қатар қалалық және аудандық қоғамдық кеңестер тарапынан атқарған жұмыстары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында 200-ге жуық ақпараттық материялдар жарияланды. Бұған қоса, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері тарапынан елімізде жарияланған төтенше жағдай мезгілінде базарлармен сауда орындарындағы азық-түліктің жеткіліктілігі және бағаның тұрақтылығы, санитарлық тазалық, қоғамдық орындар мен мейрамханалардың белгіленген уақытта жұмыс істеуі және қаламызда карантин енгізілгеннен кейін көлік жүргізушілерінің қаншалықты карантин талаптарын орындап жатқанына бақылау жұмыстары бойынша 100-ге жуық рейдтік іс-шара ұйымдастырылғанын атап өтті. Отырыстың қорытындысы бойынша жұмысты жандандыруға қатысты бірқатар ұсыныс беріліп, алға қойылған жоспарлар айқындалды.Әбілмансұр ЖАСАН