Экологиялық заң жобаларын қарайды
Экологиялық заң жобаларын қарайды
244
оқылды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығ­матулиннің төрағалығымен Па­лата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Мәжіліс бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» кон­сти­­­­туциялық заңға өзгерістер енгізу және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыр­­­­­күйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақ­стан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан хал­қына Жолдауының жекелеген ере­желерін іске асыруға қатысты заң жобасын тал­қыла­­­мақ. Сонымен қатар Палата бірінші оқы­лымда туристік қызмет, норма­шығар­ма­шылықты жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер және адвокаттық қыз­мет пен заң көмегіне қатысты депу­таттық заң жоба­­ларын қарайтын болады. Алдағы жалпы отырыста орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасында ауыз­сумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша депутаттық заң жоба­сы бірінші оқылымда қаралады деп жос­­парлануда. Сондай-ақ депутаттар қарауына де­нешынықтыру және спорт мәселелері бойынша заң жобасы ұсынылды. Бюроның күн тәртібі жобасында Мә­жіліс депутаттары екінші оқылымда бір­қатар экологиялық заң жобасын қа­райды. Олар Экологиялық кодекс пен оған ілеспе заң жобалары. Екінші оқылымда қаралатындар қа­­тарында қоғамдық кеңестің қызметі туралы және депутаттар әзірлеген күзет қызметі мәселелері заң жобалары, сондай-ақ адам­дарды Қазақстан шегінен тыс жерге шы­ғарып жіберуге және бюджет заңна­масын жетілдіруге қатысты заң жобалары бар. Сонымен бірге алдағы жалпы отырыста Палата дипломатиялық қызмет туралы заң жобасын жұмысқа алмақ.

Ж.НҰРЛАН