Қостанай тұрғыны танысынан қарыз ақшасын ала алмағанына ашуланып, оның әйелін пышақтап тастаған. Тапа-тал түсте, көше бойындағы қаннен қаперсіз тұрған әйелді пышақтаған күдікті ұсталды.
Жол шетінде алаңсыз тұрған әйелді бейтаныс еркек ұрып-жығып, бірнеше жерден пышақтаған. Кейін белгілі болғаны күдікті бейтаныс емес, келіншектің күйеуінің танысы екені анықталды.
Қарыз 20 мың теңге үшін пышақтап кеткен.
Қостанай облыстық ПД Тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Арыстанов: «Жедел іздестіру нәтижесінде, 41 жастағы облыс тұрғыны ұсталып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіруге қастандық» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деді.
Оқиға 14 қарашада болған. Ауруханаға жеткізілген 38 жастағы әйелге алғашқы көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберіліпті. Оның ішкі органдарына зақым келмеген. Қазіргі таңда ол амбулаториялық ем қабылдап жатыр.