Маңғыстауда «Nur Otan» партиясының қатары белсенді жастармен толықты
Маңғыстауда «Nur Otan» партиясының қатары белсенді жастармен толықты
230
оқылды
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ғимаратында  17 қараша – халықаралық студенттер күніне орай партияға қабылдау рәсімі өтті. Онда облыстық партия филиалының төрағасының бірінші орынбасары Әбілов Елубай Жақайұлы өз саласында белсенділік танытып жүрген 10 жас қазақстандыққа партиялық билеттерін салтанатты жағдайда тапсырды. Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов Елбасымыздың жастарды үнемі қолдап, олардың сапалы білім алуына және бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына барлық жағдайды жасап келе жатқанын атап өтті. «Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырда жеткен жетістіктері мен бүкіл әлем таңдай қаққан табыстары Тұңғыш Президентіміздің ерең еңбегінің нәтижесі. Сондықтан Мемлекет басшысының саясатын қолдайтын, елін, жерін сүйетін, халқына адал қызмет еткісі келетін әрбір жас қазақстандық осы партияның қатарынан табылуы тиіс. Елбасы салған даңғыл жолдан жаңылмай жаһан көшінің алдынан көріну енді ел жастарының, яғни сіздердің абыройлы міндеттеріңіз», – деді. Бүгін «Nur Otan» партиясының мүшесі атанған жастар қатарында Ақтау қаласына танымал белсенді жас Бақтөреев Жанаман - «Өңірді дамытуға өзімнің үлесімді қосуды әркез ойлап жүр едім. Бүгін сол мақсатта партия қатарына қабылдандым. Партиямен бірлесе жұмыс жасап, өз өңірімнің гүлденуіне үлес қосқым келеді» деп өз сөзінде атап өтті. Сонымен қатар «Yessenov University» оқу орнының ІІ курс студенті Тілепі Атлант - «Бүгін халықаралық студенттер күні. Осы күні мен партия қатарына қабылданып жатырғаныма қуаныштымын. Жастық жігерімді елімнің өркендеуі жолында аянбай қызмет етуге дайынмын» деп өз мақсатын айқындап өтті. Іс-шара соңында «Nur Otan» партиясының ардагері Есберген Іңірбайұлы  жаңадан қабылданған жас партия мүшелері еліміздегі басты саяси күштің дамуына өз үлестерін қосатынына сенім білдіріп, жастарға ақ жол тіледі.