Жанжалдан кейін 102-ге 28 жастағы бірге тұратын еркектен соққы алған 33 жастағы әйел адам арызданған.
Әйел адам ұрып-соғу фактісі бойынша полицияға жыл бойы бірнеше рет жүгінген. Полиция қызметкерлері бұзақыға қатысты үш рет бір айға қорғау ұйғарымын шығарған. Алайда ер адам тиісті қорытынды шығармаған. Үнемі ұрып-соғатын болған.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты отбасылық жанжалға қатысты бір жылға ерекше талаптар қойды.
Талаптарды бұзған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе жеті тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.