Штаб басшылары тағайындалды
Штаб басшылары тағайындалды
211
оқылды

Еліміздің барлық 17 өңі­рінде «Nur Otan» пар­тия­сы­ның сайлауалды штабтың бас­шылары анықталды. Бұл туралы партияның бас­па­сөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысында өңірлік штабқа партияның облыстық фи­лиалының бірінші орын­ба­сары Ғалым Бекмағамбетов же­текшілік ететін болды. Өткен жыл­ғы Президент, 2016 жылғы Мә­жіліс депутаттары мен мәс­ли­хаттар сайлауында ол облыс­тық штабты басқарған болатын. Ақтөбе облысында сайлауал­ды штабтың тізгіні партияның об­лыстық филиалы бас­шы­сы­ның орынбасары Ербол Дана­ғұлов­тың қолына тиді. Ал Алма­ты облысында сайлауалды штаб­тың басшылығы облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Серік Мұқановқа сеніп тапсырылды. Оның сайлау ке­зеңінде алған тәжірибесі бар. 2015 жылы ел Президенті және 2016 жылғы Мәжіліс пен мәс­ли­хат депутаттары сайлауында ол штабты басқарды. Атырау облысындағы ай­мақ­тық сайлауалды штабының тіз­гіні партияның облыстық фи­лиалы төрағасының орынба­сары Нұрлыбек Ожаевтың қо­лы­на берілді. Өткен жылы Пре­зи­дент сайлауында ол штабты бас­қарған. Шығыс Қазақстан облы­сын­да партияның облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Олег Чугунков ай­мақтық сайлауалды штабының же­тек­шісі болды. 2019 жылы Пре­зидент сайлауында ол өңір­лік штаб аппаратының басшысы қыз­метін атқарды. Жамбыл облысында штаб же­текшісі болып облыстық мәс­ли­хат хатшысы Бағлан Қара­шо­ла­қов, ал Батыс Қазақстан об­лы­сында партия филиалы тө­ра­ғасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев тағайындалды. Қарағанды облысында сай­лауалды штабты партия фи­лиа­лы төрағасының бірінші орын­ба­сары Қадиша Оспанова бас­қара­ды. Оның да 2011, 2015, 2019 жылдардағы Президент, сон­дай-ақ 2012 және 2016 жыл­ғы Мәжіліс депутаттары мен мәс­лихаттар сайлауында облыс­тық штаб басшысының орын­ба­сары болған кезде жинаған тә­жірибесі бар. Маңғыстау облысының сай­лауалды штабын филиал төраға­сы­­ның бірінші орынбасары Елу­бай Әбілов басқарады. Ол 2019 жылы Президент сай­лауын­да штаб басшысының орын­басары болған. Қостанай, Қызылорда, Пав­ло­дар, Солтүстік Қазақстан жә­­не Түркістан облыстарында сай­­лауалды штабты партияның об­лыстық филиалдары төра­ға­ларының бірінші орынбасар­лары, атап айтқанда Эльдар Кү­­­­зенбаев, Ләйлә Төрешова, Илья Теренченко, Әсем Рахме­това және Бейсенбай Тәжібаев басқаратын болды. Бұған дейін Шымкент, Ал­маты және Нұр-Сұлтан қа­ла­ларын­дағы сайлауалды штабтың басшыларын тағайындау туралы жа­рияланғанын айта кеткен жөн. Шымкентте жетекші пар­тия­ның сайлауалды штабының тіз­гіні қалалық филиал төра­ға­сы­ның бірінші орынбасары Ба­­­хадыр Нарымбетовке берілді. Бұған дейін ол 2019 жылы Пре­зидент сайлауында қалалық штаб­ты басқарған. Ал Алма­ты­дағы сайлауалды штабтың же­тек­шісі болып белгілі қоғам қай­раткері, «Тұран» уни­вер­си­те­тінің ректоры Рахман Ал­ша­нов тағайындалды. Оның да элек­торалды кезеңде жинаған тәжірибесі бар. 2011, 2015, 2019 жыл­дардағы Президент, сондай-ақ 2012 және 2016 жылдардағы Мә­жіліс пен мәслихаттар сай­лауын­да ол өңірлік штабты бас­қарды. Нұр-Сұлтан қаласында пар­тияның сайлауалды штабын «Nur Otan» партиясы қалалық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Ерлан Қаналимов басқарады. 2019 жылы ел Пре­зидентінің сайлауында ол елор­да­лық штабқа жетекшілік етті.

Ә білмансұр ЖАСАН