«Харассмент» біздің қоғамға жат па?
«Харассмент» біздің қоғамға жат па?
507
оқылды

Жұмыста ер адамдардың тарапынан қыз-келіншектерге сөз­бен қырындап, қол тигізетін жағдай жиі болып тұрады. Әріп­тесінің бұл қылығы ұнамаса да, барар жер, басар тау бол­ма­ғандықтан көпшілігі үндемей, іштен тынады. Неге? Себебі заң ая­сында жаза қарастырылмаған. Ал басшылық болса, мұны ай­тарлықтай мән беретін дүние деп есептемейді. Шетелде мұ­ны «харассмент»  терминімен сипаттайды. Ал бізге бұл ұғым қан­шалықты сіңіп кете алады?

Расында, Қазақстан заң­нама­сында харассментке қатысты ұғым жоқ. Осыған ұқсас, жақындауы – Қыл­мыстық кодексте кейбір жыныс­тық зорлық-зомбылықтың алдын алуға мүмкіндік беретін 123-бап. Оның өзі оңып тұрғаны шамалы. Се­бебі бапта «Адамды бопсалау, мүлкін жою, бүлдіру немесе тартып алу қаупін төндіру арқылы не жәбір­ленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдаланып жыныс­тық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныс­тық қатынас жасауына, лес­билік­ке немесе жыныстық сипаттағы өзге де әре­кеттерге мәжбүрлеу – 1 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыс­тарына не 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостан­дығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалансын» де­лінген. «Қазақстандағы жыныстық боп­салау үшін жауапкершілік: Әйелдер неге үн­демейді?» тақырыбында өткен онлайн кон­ференцияда осы тақырып аясында сөз қозғаған заңгер Халида Әжіғұлова статис­тикалық деректер келтірді. «ІІМ ресми ста­тистикасы бойынша, 123-бап тәжірибеде өте сирек қолданылады. 20 жыл ішінде, 1998-2018 жылдар аралығында тек 87 іс тіркелді. Барлық тіркелген істің 30-ы ғана сотқа жі­берілді, 25 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылған. Бірақ бірде-бір адам бас бостан­дығынан айыру жазасына кесілген жоқ», – дейді сарапшы. Заңгер Жангелді Сүлейменов жыныстық бопсалау мен харассмент екі бөлек ұғым дейді. «Жалпы алғанда, жыныстық боп­салау деген шынында жыныстық қаты­насқа итермелеуді білдіреді. Сол тұрғыдан алғанда 123-бапта мұның бар екенін айту керек. Нормаларды талдағанда ол сөздің мәніне бай­ланысты болады. Жыныстық боп­салау деген сол шақуатын қандыру деген сөз. Харассментті бұлай ау­дарып, қолдануға болмайды. Екеуі екі бөлек. Посткеңестік сегментте осыны шатастырғандықтан, тығырыққа тіреліп отырмыз. Бұл ұрлық туралы заңның ішіне параны жазып қой­ғанмен бірдей нәрсе. Батыста «харассмент» мағынасы басқаша. Жыныстық бопсалау объектісі – жыныс­тық еркіндік, мотиві – құмар­лық. Харассментте кемсіту мотив болса, объектісі – адамның қадір-қасиеті. Міне, мәселе қайда жатыр. Ұсынысым – жыныстық бопсалау туралы «ұмытып», харассмент түсі­нігін қалдыру. Сонда алға жылжу оңай болады. Адамға қол ұшын тигіз­бек тұрмақ, қалжыңдасуға, кемсітуге де болмайды», – деді заңгер. Негізі, «харассмент» немесе жыныстық бопсалау дегенде көз алдымызға әйелдердің бейнесі кө­бірек келеді. Сарапшылар мұның қате екенін айтады. Өйткені әйелдер ғана емес, ерлер де ұшырауы әбден мүмкін. Сон­дықтан бұл тұрғыда жынысқа қарай бөліп емес, жалпы адамның жеке басының қадір-қасиетін биік қойған дұрысырақ. «Не молчи» қоры бірнеше жылдан бері жыныстық бопсалау мәселесін көтеріп келеді. Қор ди­рек­торы Алмат Мұхамед­жановтың ай­туынша, бопсалаудың бұл түрі­ көп жағ­дайда соңында зорлық-зомбылықпен аяқ­талады екен. «Бізге мемлекеттік болсын, жеке сек­тордан болсын, көп әйел шағым айтып жатады. Содан бай­қағанымыз, әйелдер қай жерде бол­сын қорғаусыз десек болады. Бір жағ­дайды мысал ретінде айтсам, 2019 жылы сәуірде облыстық аурухананың дәрігері өзімен бірге науқастар қа­былдайтын медбикені зорлаған. Егер аурухана басшы­лығы баса мән беріп, қызметкердің талап-арызын жерде қалдырмағанда, мұндай оқиға болмас еді. Медбике талай рет басқа дәрігерге ауыстыруды сұраған. Себебі әлгі әріптесі «ақыры ажырасқан адамсың ғой. Балаң бар. Әйелдің саулығы үшін саған ер адам қажет» деп төсекке сүй­реп, соңында зор­лаған. Арыз­данса, бәрі оған қарсы шығып, «іш­тегі әң­гімені сыртқа шығарма» депті. Зор­лық­шыны тіпті ақтап алған. Одан біз қосылып, 16 апелляциялық отырыс өтті. Нәти­жесінде, биыл мау­сым­да жазасын алды. Мұндайды бол­дырмас үшін әр мекеменің әдеп кодексі болуы керек», – дейді Мұха­меджанов. Расында, әлдекімнің қадір-қа­сиетіне қол сұғылып, құндылығы аяқ­қа тапталғанда көбі мұның жа­сырын қалғанын құп көреді. Ал зор­лықпен бетпе-бет кел­ген адамның болашағы, сол кезеңнен қалай өтетіні бас ауыртатын мәселе санал­майды. Одан бөлек, қыз­меттік лауазымын пайдаланатындар ғана емес, қатар­ластар, такси жүргізуші­лері не бол­маса көшедегілер тарапы­нан да бо­ла­тын харассмент туралы айта кету ке­рек. Заңгер Құндыз Өтебек­ова заң ая­сында жауапкер­шілікке тарту қолға алынбаса, мұны азайту мүмкін емес де­ген пікірде . «Жыныстық бопсалау фи­зикалық тұрғыда жасалса, Қыл­мыстық кодекс арқы­лы жауапқа тарту қажет. Яғни, айыппұл төлету, бірнеше тәулікке қамау және т.б сыңайлы. Ал енді ауызша тіл тигізу болса, оған әкім­шілік жауапқа тартқан жөн деп ой­лай­мын. Сонымен қатар зор­лықтың қай түрін болсын ашық айту керек. Мектепте балаларға жыныстық тәрбие туралы ғана емес, харассмент үшін қандай жаза барын, қоғамда өздерін қалай ұстау керегін түсін­діретін сабақтар артық етпейді», – дейді заңгер. 2017 жылы жазда кинопродюсер Харви Вайнштейнді он шақты гол­ливуд актрисасы жыныстық боп­салау жа­сады деп айыптайды. Ең бірінші боп бұл туралы Эшли Джадд айтқан. Ар­тынша 80-ге жуық әйел Вайнш­тейннің осындай әдеті барын жасыр­май, ашық жеткізді. Олардың ішінде Анджелина Джоли, Гвинет Пэлтроу және Ума Турман да болды. Осыдан соң бірнеше күн өткен соң ки­ноп­родюсерді бауыры компа­ниядан қуды. Ол аз болғандай, соның тегімен атал­­ған компа­ния­ның атауын өз­гертті. Бұл дегеніміз ба­тыста ха­рассментке қатысты түсі­ніктің та­мыры тереңге енгенін көр­сетеді. Яғ­ни, ол жақта бопсалаудың бұл түріне бай­ланысты дау-дамай туын­­даса, бе­­делге тікелей әсер ете­тінін көр­сетеді. Байқағанымыз, сең біртіндеп қоз­ғалып келеді. Қылмыстық ко­дексте шегелеп, қандай дә­лелдерді негізгі, қайсысын жанама деуге болатыны да бүге-шігесіне дейін талқыланып жатқан көрінеді. Бұл тақырып биыл қаңтарда Парла­мент қарауына жіберіліп, пленарлық отырыс­та талқыланған еді. Жынысы, жасы, қызметі, әлеуметтік статусы қан­­дай болғанына қарамастан, ха­рассментке кез келген адам ұшырауы мүм­кін. Сол себепті мемлекеттің ең бас­ты құндылығы – адам екені рас бол­са, адамгершіліктен аттаған­дардың жазасын алуы әбден әділетті болар еді.

Жадыра АҚҚАЙЫР