Бүгін сағат 08:10-да 112 пультіне «Акуленок» аумағында балық аулап отырған ер адам мұз ойылып, суға түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, дереу балықшы құтқарды. Мұздың тым жұқалығына байланысты құтқару жұмыстары қиын болды.