Қаулыда өңірде карантин шектеулерін ұзарту мәселсі қарастырылған. Сонымен қатар жаңа құжатта ойын мекемелері, ойынханалар, казино, сондай-ақ ұтысқа ақша тігіп, құмар ойындар өткізетін ғимараттардың жұмысына тыйым енгізілді.
Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты сағат 23.00-ге дейін ұзарады.
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты да сағат таңғы 7.00-ден 00.00-ге дейін ұзартылды.
Демалыс күндері жұмыс істемейді.
Сондай-ақ, жаңа қаулыдағы талап бойынша бассейн, сауна, SPA орталықтары сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.
Қаулы 22 қарашада сағат 7.00-ден бастап өз күшіне енеді.