«Қазақстан темір жолының» мәліметінше, өрт 18 қарашадан 19 қарашаға қараған түні болған.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлауынша, 19 қарашада таңғы сағат 03:11 кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Кемеңгерұлы, 9/8 мекенжайында орналасқан пойыз жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
15 өрт сөндіруші, 3 техника оқиға орнына жедел жеткен.
№ 50 теміржолда тұрған резервтік вагондағы өрт 50 шаршы метрді шарпыған. Жалынның әсерінен көрші жолдағы вагон арбаларын орналастыруға арналған платформада тұрған шынжыр табанды трактордың кабинасы да жанып кеткен. Өрт таңғы сағат 04:22-де ауыздықталып, сөндірілді.
Алдын ала мәлімет бойынша өрттен зардап шеккендер жоқ.
Өрт толықтай сөндірілді. Өрттің себебін мамандар анықтап жатыр.