"Карантин жағдайына байланысты атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардың жердемақы алу мерзімі автоматты түрде ұзартылды. Жаңадан тіркелушілерге электрондық үкімет порталы арқылы құжат рәсімдеу қарастырылған. Сонымен қатар, биылғы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға табыс көлеміне қарамастан мемлекеттен арнайы жердемақы тағайындалып отыр. Бұл төлем 40 мың теңгеден басталады. Орта есеппен алғанда әр балаға 10 мың теңге беріледі. Бұл көмекті қазіргі таңда 380 мың отбасы ай сайын алып отыр. Мемлекеттен бұл бағытта 191,6 млрд теңге жұмсалды. Еліміз бойынша жарты млн бала мемлекеттен атаулы көмек алып отыр", − деді вице- министр.Белгілі болғандай, мүгедек балаларға келер жылдан бастап мемлекеттен берілетін әлеуметтік төлемді арттыру көзделген. Осы ретте, бірқатар түйіткілді мәселелер бар.
"Мысалы, 8 жасар екі баланың бірі мектепке барып оқиды. Ол жеңіл топқа жататын мүгедек болуы мүмкін. Ал екінші бала мектепке баруға жарамайтын мүгедектіктің ауыр тобына жатады. Бірақ екеуіне бірдей төлем төленеді. Осындай жағдайда топтарды бөліп, төлемдерді соған сай беруді жоспарлап отырмыз", − дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице- министрі.
Республика бойынша 16 және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар
Республика бойынша 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар
Жыл сайын елімізде 400 мың бала дүниеге келеді. Ана мен баланы қолдау үшін бала тууға, бюджеттен бір жасқа дейінгі баланы күтуге мемлекеттік жәрдемақы және жүктілік пен босану бойынша әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Бұл төлемдерге биыл 271 млрд теңгеден астам (бюджеттен 84 млрд теңге және МӘСҚ – тан 187 млрд теңге) бағытталады.