Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
304
оқылды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төра­ға­лы­ғымен өткен палатаның бюро отырысында жалпы отырыстың күн тәртібі нақ­тыланды.

Депутаттар назарына вете­ринария, мақта саласын дамытуға қатысты мәселелер бірінші оқы­лымда ұсынылады. Сонымен бірге «Астық туралы» заңға толықтырулар енгізілмек. Алдағы жалпы отырыста палата бірқатар рати­фикациялық құжат­тарды қарайды. Атап айтқанда, Азия Даму банкімен Қарыз туралы келісімді және Азия Инфра­құрылымдық инвестициялар банкімен Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жө­ніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдар­ламасы), «1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемле­кет­тердің арасында тасыма­лда­натын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақы­лаудың тәртібі туралы келісімге байла­нысты заң жобалары бар. Ал Үкімет туралы Консти­туциялық заң жобасы мен Мем­лекет басшысының «Жаңа жағ­дайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыруға қатысты заң жобалары екінші оқылымда қаралмақ. Сондай-ақ палата Қыл­мыс­тық және Қыл­мыстық-про­цестік кодекстеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қор­ғауды күшейту, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, экономикалық өсуді қалпына келтіру, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасында ауызсумен жабдықтауды суб­си­диялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелеріне қатысты заң жобаларын екінші оқылымда қарамақ. Сондай-ақ алдағы жалпы оты­рыстың күн тәртібіне баланың құқығын қорғау бойынша заң жобасымен жұмысты жалғастыру, «Салық және бюджетке тө­ленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске және «Салық және бюд­жетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексті (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерге қатысты мәселелер енгізілген. Тағы бір мәселе өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Аза­маттық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттаманы рати­фикациялау туралы қоры­тынды әзірлеу жөнінде болмақ.