Жол сапасын жақсартуға 2 трлн теңгеден артық қаржы жұмсалды
Жол сапасын жақсартуға 2 трлн теңгеден артық қаржы жұмсалды
167
оқылды

Соңғы бес жыл ішінде Қазақстандағы көлік инфрақұрылымын дамытуға 2,4 трлн теңгеден астам қаражат инвестицияланды,– деп хабарлайды LS.

Аталған қаржының 500 млрд теңгеден астамы 2017 және 2019 жылдары аралығында бөлінген.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес, ең көп қаражат (1,2 трлн теңге) республикалық деңгейдегі жолдарды дамытуға жұмсалған. Оның 186,4 млрд теңгесі биылға тиесілі.