Оқыс оқиға Орал қаласында болған, – деп жазады дәрігер Бақтияр Ташкенбаев.
Оралдағы 7-ықшамауданында «Бавария» кафесінің ғимаратын жөндеп жатқан жұмысшы байқаусызда құлап кеткен. Шатырды жөндеп жатқан құрылысшы техника қауіпсіздігі талаптарын сақтап, қауіпсіздік белдігін таққанын айтқан. Бірақ құрылысшы шатырдан ұшып кетіп, темір қоршаудың үшкір теміріне қалай қадалып қалғанын білмейді. [caption id="attachment_89533" align="aligncenter" width="576"] Фото: Б.Ташкенбаевтың Facebook-тағы парақшасынан алынды.[/caption] Зардап шеккен құрылысшы жедел жәрдеммен шұғыл жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Білікті дәрігерлердің көмегімен темір қоршауды алып, шұғыл ота жасаған. [caption id="attachment_89532" align="aligncenter" width="755"] Фото: Б.ташкенбаевтың Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption][caption id="attachment_89535" align="aligncenter" width="720"] Фото: Б.Ташкенбаевтың Facebook-тағы парақшасынан алынды.[/caption] Құрылысшының өмірі үшін күрескен хирургтер: Бақтияр Тәшкенбаев, Ерлан Нұрышев, Рашид Дүйсенбеков, уролог Владислав Пономаренко, анестезиолог-реаниматолог Марат Нұрғалиев пен Шынар Фаскинаның кәсіби шеберлігінің арқасында науқас жазылып, ауруханадан үйіне шыққан. [caption id="attachment_89536" align="aligncenter" width="720"] Фото: Б.Ташкенбаевтың Facebook-тағы парақшасынан алынды.[/caption] [caption id="attachment_89537" align="aligncenter" width="720"] Фото: Б.Ташкенбаевтың Facebook-тағы парақшасынан алынды.[/caption]Құрылысшыны ота жасап аман алып қалған хирург Бақтияр Ташкенбаев жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылардың көмегінің арқасында науқасты аман алып қалғанын айтады. Ол – С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. «Болашақ» бағдарламасымен Оңтүстік Кореяда білім алған.