Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 42 500 теңге әлеуметтік төлем ешкімге тағайындалмаған.
«Телеграмм-боттар мен басқаларына жіберіліп жатқан осы сипаттағы барлық хабарлама – жалған, алаяқтыққа жатады. Оны тіркеу кезінде алаяқтар сол адамның жеке мәліметтері мен ЭСҚ-ға (электрондық цифрлы қолтаңба) қол жеткізе алады. ЭСҚ-ны бейтаныс адамдарға, тіпті мемлекеттік қызметкерлерге ешқашан жібермеңіз. Расталмаған ақпарат көздеріне сенбеңіз» делінген министрлік ресми хабарламасында.