Жыл соңына дейін 127 жоба іске қосылады
Жыл соңына дейін 127 жоба іске қосылады
189
оқылды

Индустрияландыру картасы ая­сында жобаларды іске асыру барысы «Nur Otan» пар­тия­­сының «Индустриялық-ин­но­вациялық даму бағыты» бойын­ша комис­сия отырысында тал­қы­ланды.

Жиынға жетекшілік еткен пар­тия­лық куратор, Мәжіліс депутаты Аль­берт Рау бірінші кезекте ин­дус­трия­­ландыру картасын қайта жан­дан­дырудың жаңа тәсілін атады. – Пайыздық мөлшерлемені суб­си­диялау мен Индустрияландыру кар­тасының жобаларына кепілдік беруді, индустриялық инф­ра­құры­лым жүргізу бойынша жақсартылған шарттарды, осыған орай мін­дет­те­ме­лердің мониторингін қарастыру қа­жет. Бұдан басқа, қаржыландыруға байланысты даму институттары же­лісі бойынша бөлінетін қаражаттың 50 пайызын карта жобаларына ба­ғыт­тап, Премьер-Министр мен өңір­лер­дің әкімдері арасындағы ме­мора­н­дум­ның индикаторына тиіс­ті жылға ен­гі­зі­летін жобалардың са­нын қосу ке­рек, – деп мәлімдеді Аль­берт Рау. Еліміздің әр облысында атқарыл­ған ауқымды жұмыстар жөнінде есеп берген Индустрия және инфра­құры­лым­дық даму вице-министрі Ама­нияз Ержанов сөз арасында 2020 жыл­дың негізгі жобасына тоқталды. Олар – Алматыдағы КМК Investment ЖШС металлургиялық, елор­дадағы ModeX Astana ЖШС көлемді-блокты үй құ­ры­лысы, Қарағанды об­лысындағы Qaz Carbon ЖШС фер­роқорытпа зауыт­тары. Сонымен қатар Алматы­дағы Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл ав­токөліктер, Са­ран қаласындағы ав­тобустар, ка­рьер­лік және жол-құры­лыс тех­ни­ка­сын шығару, Қарағанды об­­лы­сын­дағы QazTehna ЖШС және Шы­ғыс Қазақстан облысындағы «Үлбі-ТВС» ЖШС жылу бөлетін құ­ра­­малар өн­дірістері де осы жылдың не­­гізгі жо­баларының қатарына кіре­ді. – Биыл 995,9 млрд теңге инвес­ти­­ция көлеміндегі 18,8 мыңнан ас­там жұ­мыс орнын құру көзделген 206 жо­баны іске қосу жоспарланып отыр. Олар­дың ішінде 77 жоба (5,8 мың жұ­мыс орны) ауылдық жер­лер­ге, 15 жо­ба (1 мыңнан астам жұмыс ор­ны) моноқалаларға бағытталды. Бар­лық мәлімделген жобалар то­лық­қанды жү­зеге асқан жағдайда өн­­дірілетін өнім­нің жалпы күтілетін кө­­лемі – 3 млрд АҚШ долларын, оның ішінде экспортқа шығары­ла­ты­ны – 800 млн АҚШ долларына жуық қаражатты құ­райды, – деп атап өтті Аманияз Ержанов. Спикердің айтуынша, қазіргі таң­да жалпы сомасы 432 млрд тең­ге­ден аса­тын 51 жоба пайдалануға бе­ріл­ген, 127 жобаны осы жылдың соңы­на дейін іске қосу жоспарланып отыр. Со­нымен қатар 13 жобаны пай­­да­лануға беру мерзімдерінің орын­дал­мауы және 15 жобаны ке­лесі жылға ауыстыру тәуекелі бай­қал­ған. Өңірлер арасында инвес­ти­ция көлемі бойын­ша Қарағанды (203,1 млрд теңге), Ақ­төбе (138,3 млрд теңге) және Алма­ты (104,1 млрд теңге) облыстары көш бас­тап тұр. Жобалар саны бойынша – Ақтөбе (23), Шымкент қаласы (21), Ақмола және Павлодар облыстары (14) алда тұр. Талқылау барысында Альберт Рау өңір­лік партиялық кураторлар тара­пынан индустриялық жобалардың іс­ке асырылуына мониторинг жүргізу қа­жет екенін баса айтты. – Индустриялық жобаларды қа­зіргі қалыптан тыс дағдарыс жағ­дайын­да іске асыруды жалғастыру – біз­дің экономикамыздың әртарап­тандырылуы мен орнықтылығы үшін аса маңызды. Шектеу шараларына қарамастан, жобалардың басым бөлігі іске қосылатыны қуантады, – деді партиялық куратор. Отырыс қорытындысы бойынша ко­миссия Үкімет үшін бірқатар ұсы­ным қабылдады. Атап айтқанда, іске қосуға дайын жобалардың жұмысын жүргізу үшін шетелдік мамандар ша­қыру, карта жобаларын іріктеу, сапалы мо­ниторинг жүргізу  басқа да  ұсы­ным бар. Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нис­тр­лі­гі­не Алматы қаласында жал­ған­­баған болат құбырларды өндіру ке­зінде тек қазақстандық болатты пай­далану, Шымкент қаласының әкім­дігімен бір­лесіп, жыл соңына дейін метал­лур­гия зауытын іске қосу­ды қамтамасыз ету туралы ұсыныс әзір­ленді. Энергетика министрлігі KEGOC АҚ жанындағы бірыңғай есеп айы­рысу-қаржы орталығымен бірге ЖЭК жө­ніндегі картаның іске асырылатын жо­баларына шарт жасасуды қамта­ма­сыз етеді.

А.ЖАСАН