«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Қазақстанның әлеуметтік жаңаруындағы ҮЕҰ рөлі» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.
Жиынға аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен мүшелері қатысты. Отырыс барысында еліміздің дамуы жолында азаматтық қоғам институттарын құрудың маңыздылығы, билік пен халық арасындағы алтын көпірді орнатуда қоғамдық қорлардың орны ерекше екені айтылды. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарға әрқашан қолдау көрсетілуі керектігі де тілге тиек етілді. – Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар қоғамның кез келген мәселесін шешетін билік пен халық арасындағы байланыс көпіріне айналды. Сонымен қатар қоғамда ынтымақ пен ауызбіршіліктің болуына үлесін қосып келеді. Ел Президенті әр сөзінде азаматтық қоғамды дамыту, сол арқылы билік пен бұқара арасына алтын көпір қалыптастыруды қолға алу қажеттігін ұдайы айтып жүр. Шыны керек, қазір үкіметтік емес ұйымдардың жұмысында қарқын бар. Олар қоғам алдындағы миссиясын жүйелі атқарып келеді, – деді «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев. Басқосу барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасты. Азаматтық қоғамды дамытудың да жайы талқыланды. Түрлі ұсыныстар айтылып, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына серпін болар жайттар қамтылды.Әбілмансұр ЖАСАН