Елбасы: Алғаш рет осылай жиналып отырмыз!
Елбасы: Алғаш рет осылай жиналып отырмыз!
196
оқылды

– Қазақта: "Жүре берсең көре бересің" деген сөз бар. Сол құсап, мінекей бүгін съезді алғаш рет қашықтан өткізіп отырмыз. Осындай заманға тап келдік. Бұл да өмірдің бір сынағы болса керек. Бұл да есте қалады. Аманшылық болса, талай бірге кездесіп, шүйіркелесіп, еркін жүздесіп, құшақтаса қауышатын боламыз. Сол күнге де жеткізсін!" - деп үміт ете, сенім құя сөйледі Nur Otan сьезін ашқан Нұрсұлтан Назарбаев.

Сьезге көшбасшы партияның ауыл-аймақтардағы өкілдері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдар жетекшілері бейнеконференц байланыс арқылы қатысып отыр. Бүгінгі сьезге қатысу үшін барлық өңірден 400 делегат сайланды. Олар да жергілікті жерлерден заманауи бейнебайланыс технологиялары көмегімен қашықтан қатысуда.