– «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтті. Осы тұста аталған шараның мазмұндық сипатына қатысты өз ойларыммен бөліскім келді.
Съезде партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданды. «Nur Otan» эволюциялық даму мен әлеуметтік трансформацияны ұсынды. Барлық негізгі шешімдер адам капиталын дамыту мен ел азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталды.
«Nur Otan» партиясы өзгерді. Ол өте тиімді қайта жаңғыруды бастан кешірді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «біз «Nur Otan» партиясын жүйелі түрде қайта жандандыруды аяқтадық».
Осы тұста партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа – лайықты өмір!» деп аталатын қуатты бағдарлама ұсынғанын атап өту керек. Онда адам капиталын дамытуға, ана мен баланы сақтауға, шағын және орта бизнесті қорғауға, ауыл мен селоларды жүйелі түрде дамытуға бағытталған нақты шаралар бар. Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған қаржының жалпы көлемі – 21 трлн теңге.
Партияның сайлауалды бағдарламасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы негізгі басымдықтарды жүзеге асыру бойынша тиімді тәсілдерді қамтыған.
Маған Мемлекет басшысының баяндамасы айрықша әсер етті. Президент Қ.Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық курсының жалғастылығын қамтамасыз етуді атап өтті.
«Nur Otan» әр саланың өкілдерінен, танымал тұлғалардан құралған сапалы партиялық тізім ұсынды.
«Nur Otan» съезі партия қатарының жаңарғанын көрсетті, көптеген жаңа тұлғалар келді, жастар мен әйелдердің қатары мол болды.
«Nur Otan» съезі элитаның біртұтастығын көрсетті.
Жалпы, біз барлық күш-жігеріміз бен қаржыны ел азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға бағыттауға тиіспіз деген пікірдемін.
Пандемия ел азаматтарының әлеуметтік көңіл күйіне қатты соққы жасады. Сондықтан кедейліктің алдын алу мен онымен күрес маңызды қадам болып саналады. Адам дамуының индексін көтеретін нақты қадамдар еліміздегі барлық прогресшіл күштердің маңызды бағыты болуы тиіс.
Сонымен қатар еліміздің демографиялық даму деңгейін көтеру қажет. Қазіргі демографиялық динамика дамыған елдің талаптарына сәйкес келмейді. Бізге халықтың туу көрсеткішін арттырып, шетелдердегі қандастарымызды елге қайтару керек.
Тағы бір атап өтер жайт, бізде отбасылық-тұрмыстық қатынастар драматикалық жағдайда. Үйленіп, үй болғандардың үштен бірі ажырасып кетуде. Біз отбасы құндылықтарының жедел девальвациясына куә болудамыз. Сондықтан бұл аспект мемлекет пен қоғамның негізгі басымдығы болуы керек деген ойдамын.