«Басқарма емен түрінің құрамы мен келтірілген зиянды анықтау үшін ботаникалық бақ пен Іле-Алатау ұлттық паркіне сауал жолдады. Сарапшылар кесілген ағаштар Қазақстанның Қызыл кітабына енгенін анықтады. Ол жоғалу қаупінде тұрған сирек кездесетін түр», – деді Наталья Ливинская.
Кәсіпкерлер ағашты рұқсатсыз кескен.
«Жексенбіде біз оқиға орнына бардық. Екі жеке кәсіпкерге айыппұл салынды. Бұған олардың ағаштарды кескені және абаттандыру ережелерін сақтамағаны себеп болды. Біз Sulpak қожайынының өтемақы ретінде ағаштар отырғызуын талап етеміз», – деді Наталья Ливинская.