– ХХ съездің шешіміне сәйкес «Nur Otan» партиясы 7-шақырылымдағы Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады. Сайлау науқанының бірінші кезеңінің басты оқиғасы – жетекші партия өзінің ХХ съезінде кандидаттардың тізімін ұсынды.
Осы маусымда «Nur Otan» үміткерлер корпусын құрудың жаңа моделін қолданғаны туралы көп айтылды. Жалпы, партияішілік праймериз екі мақсатты көздеді – партияны түбегейлі қайта жандандыру науқанының шеңберінде саяси активтерді жаңарту және партияның сайлаушылар алдындағы имиджін жаңарту. Екі мәселе де жүйелі түрде жүзеге асырылды. Нәтижесінде, партия мүшелерінің дауыстарымен таңдалған 78 кандидат өңірлерде ұсынылды. Олардың арасында 5 депутат қана бар, сонымен қатар көптеген азаматтық белсенділер, кәсіпкерлер, білім беру, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, сондай-ақ партия белсенділері мен аймақтық басқару элитасының өкілдері бар. 78-інің ішінен 1 кандидат съезге дейін өз кандидатурасын алып тастады. Аймақтық кандидаттардың 28,6 пайызы – әйелдер, 19,5 пайызы – әкімдіктер мен мәслихаттардың қызметкерлері, 6,5 пайыз – партия белсенділері, олардың ішінде 79,2 пайыз қазақтар екенін де айта кеткен жөн. Тізімде әдеттегідей Мәжіліске «зейнетке» жіберілетін адамдар жоқ екенін атап өткім келеді. Қазіргі шақырылымның белгілі депутаттары, тәжірибелі саясаткер-ардагерлер саны көп емес. Бұл «Nur Otan» партиясының XX съезі шешімдерінің басты мәні болса керек.А.СҰЛТАН