Елінің ертеңін ойлаған Елбасы
Елінің ертеңін ойлаған Елбасы
482
оқылды
 Қазір тамыры тереңде жатқан тарихымыздан шыр шертетін осы  деректі фильмді студент жастарымызға көрсетіп, насихаттап жатырмыз. Тарихты, Елбасының ерен еңбегін насихаттау арқылы жастарды Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелейміз.  Жас ұрпаққа еліміздің даму жүйесін, қалыптасу кезеңін түсіндіру маңызды. Тұңғыш Президент күні қарсаңында білім беру мекемелерінде көрсетіліп жатқан «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасы егемендіктің алғашқы жылдарында Қазақстан еңсерген жеті негізгі сын-тегеурінге негізделген. Мысалы, нарықтық экономиканың қалыптасуы, мемлекеттік шекараны белгілеу және халықаралық интеграциялық процестер, ұлтаралық келісім, ядролық сынақтарға қарсы бастамалар, жаңа астананың құрылысы, транзиттік әлеуетті іске асыру және Арал теңізіндегі экологиялық мәселелер мен демографиялық проблемалар. Еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық және этносаралық бірлік пен келісімнің бірегей моделі көптеген елдерге үлгі болды. Еліміз алдында тұрған күрделі мәселелерді Тұңғыш Президент бастамасымен жүргізілген реформалар арқылы еңсере білді. https://www.youtube.com/watch?v=9Z5OnAlIHDE&feature=emb_logo&ab_channel=%D0%A2%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%90%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0%2FAstanaTV Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі, ТМД-дағы алдыңғы орынға шықты.  Елбасы ортақ Отанымыз – Қазақстанды дамыту жолында елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті басшылыққа алды. Кәсіптік техникалық білім беру саласының өкілі ретінде  Елбасымыз еліміздегі  білім мәселесін де назардан тыс қалдырмайтынын атап өткім келеді. Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған  «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы қаншама жасқа қолдау болды. Еліміздің ертеңі үшін маңызды жоба арқылы жастарымыз өздері қалаған кәсіпті меңгеріп шықты. Сонымен қатар «Жас маман» жобасы  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

Бекбол МАЙМЫШЕВ,

Тараз сервис және технология

колледжінің директоры