Астанада Абай интерактивті кешені бар
Астанада Абай интерактивті кешені бар
314
оқылды

Елордада өткен Қазастан Ұлтты тарихшылар конгресінің VIII отырысында Абай интерактивті кешенінің тұсауы кесілді. Бұл кешенді Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің тапсырысымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлтты университетінің Абай академиясың ғылыми-зерттеу институты әзірлеген.

Аталған институт директоры Ерлан Сайлаубайдың айтуынша, кешен бірнеше бөлімнен тұрады. Ең алғашқы бөлім – Абай тұғырнамасы. Ақын замандастары мен ұрпақтарының естеліктері, абайтанушы ғалымдардың академиялық зерттеулері осында толығымен жинақталған. Екінші бөлім – Абайдың шығармашылық әлемі. Ақын өлеңдері мен қара сөздерінің, поэмалары мен аудармаларының әрқайсыcы жеке-жеке аннотациялық сипатта талданған және әр туындының толық мәтіні аудионұсқа түрінде берілген. Кешен арқылы оқырман Абай қара сөздерінің шығу тарихымен танысып, аудионұсқада тыңдай алады. «Келесі тарау – бейнедәрістер. Бұл тарауда Абайдың өмірбаяны мен шығармашылық мұрасын жаңаша баяндау мақсатында танымдық академиялық дәрістер топтамасы берілген. Дәрісті абайтанушы ғалымдар оқыды», – дейді Е.Сайлаубай. Кешеннің мазмұнды, мағыналы бөлімі 20 поэзия блімі деп аталады. Мұнда Абай өлеңдері негізінде 15 арнайы қойылым түсірілген.

Тұмар МЫРЗА